Астанада 5 жыл бұрын жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр: туыстары 3 млн теңге сыйақы беруге дайын

2020 жылы жоғалып кеткен Астана тұрғынының туыстары оның қайда екені туралы нақты ақпарат айтқан адамға үш миллион теңге сыйақы беруге дайын. Бұл ақпарат QANAT еріктілер қозғалысының Instagram парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Армин Назар Ражұлы 1996 жылы туған, 2020 жылғы 6 қазанда жоғалып кеткен. Шамамен 16:00-де Ғабдуллин көшесі 6/1 мекенжайындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Белгілері: бойы - 186 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр, оң көзінің астында меңі бар, дене бітімі арық. Үстінде сары жейде, сұр шалбар, сұр шұлық болған. Аяқ киімсіз шыққан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!