- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада 40 тонналық...
Астанада 40 тонналық контейнерді ұрлаған күдікті ұсталды
Астанада 40 тонналық контейнерді ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елордалық полицияға құрылыс компаниясының қауіпсіздік қызметінің қызметкері ұрлық туралы арызбен жүгінді. Оның айтуынша, жұмыс істейтін фирмадан белгісіз адам темір контейнерді ұрлап әкеткен. Қылмысты ашу мақсатында полиция қызметкерлері барлық жақын аумақтарды аралап, куәгерлерден сұрау алды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қаланың 50 жастағы тұрғынның қатысы барын анықтады. Ол 40 тонналық контейнерді жасырын ұрлап әкеткен. Ер адам бұрын аталған компанияда құрылыс нысанының прорабы болып жұмыс істегені және ғимараттың аумағына қалай кіруге болатынын білгені анықталды.
Күдікті мойындау көрсетпелерін берді.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, барлық мән-жайлар анықталып жатыр.
Күдіктіге қатысты ешқайда шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина