Астанада жол ережесін бұзған 4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушісі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері полицейлер 2900-ге жуық мопед жүргізушілері мен мыңнан астам самокат жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мыңнан астам мопед пен 150-ден астам самокат коммуналдық тұраққа қойылды.
Мопед жүргізушілерінің қатысуымен 99 ЖКО, электр самокат жүргізушілерінің қатысуымен 9 ЖКО тіркелді.
Мысалы, кәмелетке толмаған 16 жастағы жасөспірім Момышұлы даңғылының қиылысында Майлин көшесінде мопедпен келе жатып, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, Hyundai Accent автокөлігімен соқтығысуға жол берген.
ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған жүргізуші мен мопед жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!