- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада 350 мыңға...
Астанада 350 мыңға жуық көлікті заңсыз тіркегендер сотталды
Астанада 350 мыңға жуық көлікті заңсыз тіркегендер сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көліктік бақылау саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды.
Сот үкімімен Астана бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Қ.Құдайбергенов және оның сыбайласы Б.Шумбасова 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топ құрып басқарған. Оларға диагностикалық карталарды қолдан жасап, техникалық тексеруден өту туралы ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізді деген айып тағылды.
ҰҚТ-тың басқа он үш мүшесі бес жылға бас бостандығынан айырылды, тағы төрт адамның екі жылға бостандығы шектелді.
Сондай-ақ, сот үкімімен басқа лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Олар 350 мыңға жуық автокөлік құралын заңсыз тіркеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек