Астанада 31 тамызда бірқатар көше жабылады

Астанада 31 тамызда бірқатар көше жабылады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

31 тамызда елордада Saryarqa Run спорттық марафоны өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 тамызда сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін мына көшелер жабылады:

  • Бейбітшілік көшесі Кенесары көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін;
  • Ә.Жангелдин көшесі Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейін;
  • Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейін;
  • С.Сейфуллин көшесі Бейбітшілік көшесінен Қ.Күмісбеков көшесіне дейін;
  • Қ.Күмісбеков көшесі Ә.Жангелдин көшесінен Кенесары көшесіне дейін;
  • Кенесары көшесі Қ.Күмісбеков көшесінен М.Әуезов көшесіне дейін;

"Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 ғимаратының жанында автотұрақ ұйымдастырылады, Т.Бигелдинов көшесі жағынан келуге болады", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова