Астанада 31 мамырдан бастап Тілендиев даңғылында қозғалыс тәртібі өзгереді

Астанада 31 мамырдан бастап Тілендиев даңғылында қозғалыс тәртібі өзгереді
Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова

Астанада Тілендиев даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Мән-жайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 31 мамыр мен 15 маусым аралығында Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік айрығына дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.

Көліктер екі бағытта да жолдың бір жағымен жүретін болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұл аумақта уақытша жол белгілері мен ақпараттық көрсеткіштер орнатылады.

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс схемасындағы өзгерістерді ескеріп, жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Айта кетейік, биыл Астанада 50 көшені жөндеу жоспарланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget