Астанада автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнында бір әйел көз жұмды.
Астана Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.
"Мұхамедханов-Омаров қиылысында жүк көлігі, жолаушылар автобусы және Toyota Prado көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп жазды қалалық полиция департаменті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!