- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада 2600 адамның...
Астанада 2600 адамның қатысуымен "Mannequin Challenge" түсірілді
Фото:
tengrinews.kz
Астанада ең көп адамның қатысуымен "Mannequin Challenge" түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Флешмоб видеоролигін өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында BI-group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахимбаев жариялады. "Ал, міне біздің жаңажылдық корпоротивтен ең үлкен Mannequin Challenge! 2600 қатысушы - бұлар біздің әріптестер мен кешті ұйымдастырушылар", - деп түсіндірді Айдын Рахимбаев.
Видеоның кадрларынан, компанияның жаңажылдық корпоротиві "Астана Аренада" өтіп жатқанын байқауға болады. Флешмобқа қатысқан "Камызяк өңірінің КТК құрамасының" лидері Азамат Мұсағалиев пен "ГородЪ ПятигорскЪ" командасының капитаны Ольга Картункова және Айдын Рахимбаевтың өзі жүргенін байқауға болады.
Дереккөз: tengrinews.kz