Астанада 24 жастағы ер адам министрліктер үйін өртемек болған

Астанада 24 жастағы ер адам министрліктер үйінің кіреберістерінің бірін өртемек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде видео тарады. Шабуыл жасаған ер адам өрт қоспасын кіреберістегі турникетке лақтырып жіберген.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, 24 жастағы ер адам ұсталған.

"ТЖД қызметкерлері өртті тез арада ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.

ТЖМ мәліметінше, таңертең министрліктер үйінің кіреберістерінің бірінде автомат өрт дабылы іске қосылған. Оқиға орнына құтқарушылар жеткен. 

"Белгісіз адам ғимаратқа кіріп, жанғыш қоспаны турникетке лақтырды, салдарынан шамамен 2 шаршы метр аумақта өрт шықты", - деп жазылған хабарламада.

Ғимарат ішіндегі бөлмелер тексерілген, түтін кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі мен мән-жайы нақтыланып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!