Астанада тұрғын үйдің 22-қабатынан секіріп кеткен қыз қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 17 тамызда кешке болған. Алдын ала мәлімет бойынша қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлаған.
Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазір құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Құқық қорғау органдары азаматтарды тек ресми мәліметке сүйеніп, тексерілмеген болжамды таратпауға шақырды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!