Астанада 20 жастағы қыздың мәйіті табылды. Оны тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары тауып алып, полицияға хабарлаған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"30 қыркүйекте 102-арнасына Майлин көшесінде өмір белгілері жоқ қыз жатыр деген хабар келді. 20 жастағы марқұмның жеке басы анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп толықтырды полиция.
Кейбір мәліметтер бойынша қыз жоғарғы қабаттың терезесінен құлаған болуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев Қазақстанда суицид дерегінің жиілеуіне байланысты ата-аналарға кеңес берген болатын.
Оның айтуынша, жыл басынан бері суицид белгілері бар 43 интернет ресурс анықталған.
"Суицид жасаудың нақты себебі тек тергеу нәтижесінде анықталады. Суицид жасау мен соған әрекеттенудің 14 дерегінде кәмелетке толмағандар мас күйде болған, ал бір жағдайда жасөспірім есірткі тұтынған. Талдау көрсеткендей, суицидтер мен суицид жасауға әрекеттенудің басым бөлігі 15-17 жас аралығында, яғни өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер жасайды", – деді Шыңғыс Алекешев ОҚК-де өткен баспасөз мәслихатында.
Осыған байланысты ІІМ ресми өкілі ата-аналарға кеңес берді:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!