- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада 20 жастағы...
Астанада 20 жастағы бойжеткен жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Фото:
Видео кадры
Астанада 20 жастағы қыз 42 жастағы әйелді қағып, тоқтап тұрған үш көлікті соқты. "Patriot" Telegram-арнасының мәліметінше, жол апатына кінәлі адам мас болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүргізушіні патрульдік полиция қызметкерлері ұстады. Мас күйде көлік айдап, адам өлтірген 20 жастағы бойжеткенге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Жүргізуші мас күйінде жаяу жүргіншіні қағып, одан кейін тұрақтағы үш көлікті соққан", - деді Астана полиция өкілдері.
42 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек