Астанада оқ ату клубтарының бірінде жас жігіт өзіне-өзі қол жұмсады. Мұны қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде 19 жастағы Астана тұрғыны атқыштар клубына келіп, өзін қарумен басынан атып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Ол бұл клубтың тұрақты клиенттерінің бірі болған.
"Астананың 19 жастағы тұрғынының мәйіті табылған соң қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Оқиғаның егжей-тегжейі айтылмады.
Бұған дейін Алматыда 16 жастағы мектеп оқушысы үйінің жанында асылып қалғанын хабарлаған едік. Оның мұндай қадамға не себепті барғаны туралы әзірше ештеңе белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша ол Медеу ауданындағы мектептердің бірінде оқыған.
Туыстарының айтуынша, оның қасында өзі жазған хаты жатқан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лес