Астанада 19 жастағы жігіт 25-қабаттан құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, 8 желтоқсанда сағат 10:53-те 102 арнасына Петров көшесінен жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама түсті.
Тексеру барысында бұл дерек расталған. Полиция қызметкерлері жігіттің жеке басын анықтады. 25-қабаттан құлаған - елорданың 19 жастағы тұрғыны.
Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!