Астанада 19 жастағы жігіт 25-қабаттан құлап кетті

Астанада 19 жастағы жігіт 25-қабаттан құлап кетті
Фото: pexels.com

Астанада 19 жастағы жігіт 25-қабаттан құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сайт мәліметінше, 8 желтоқсанда сағат 10:53-те 102 арнасына Петров көшесінен жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама түсті.

Тексеру барысында бұл дерек расталған. Полиция қызметкерлері жігіттің жеке басын анықтады. 25-қабаттан құлаған - елорданың 19 жастағы тұрғыны.

Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина