Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 19 автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді. Бұл туралы CTS мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалада жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Осыған байланысты №1, 4, 4А, 13, 14, 16, 22, 22А, 24, 24H, 48, 52, 53, 63, 70, 72, 82, 83 және 502 бағыттағы автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілген.
"№1, 4, 4А, 13, 14, 16, 22, 22А, 24, 24H, 48, 52, 53, 63, 70, 72, 82, 83, 502 бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді", – делінген CTS хабарламасында.
Қоғамдық көлік қызметін пайдаланатын жолаушылардан жолға шығар алдында бағытын алдын ала жоспарлау сұралды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек