Астанада 18 жастағы қызды өлтіргісі келген. Әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, күдікті ұсталған.
"Астана қаласының Есіл аудандық полиция басқармасы 18 жастағы қызды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді қалалық полиция департаменті.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Әлеуметтік желілерде жәбірленуші елордалық мектептердің бірінің оқушысы екені хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!