Астанада 18 жастағы жүргізуші тізгіндеген көлік дүкенге кіріп кеткен

Астанада жеңіл көлік жеміс-жидек павильонына соғылды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана Полиция департаменті Hyundai Accent көлігінің 18 жастағы жүргізушісі анықталғанын хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша Бөлекпаев көшесімен келе жатқан жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жеміс-жидек павильонына барып соғылған.

Оқиға салдарынан сауда нысанының ішінде болған 15 жастағы қыз зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды, қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Жол апатына қатытсы тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз