Астанада 18 жастағы жігіт суицид жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
31 қазанда "Есіл" ауданының Полиция басқармасына Қабанбай батыр даңғылынан сағат 19:30 шамасында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
"Тексеру барысында бұл дерек расталды. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол 24-қабаттан секірген 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды, сараптама тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!