Астанада 178 миллион теңгенің заңсыз мемлекеттік сатып алу келісімшарты бұзылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы бюджет және мемлекеттік сатып алу заң нормаларының сақталуына талдау жүргізді.
"Қалалық спорт мектептерінің бірі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы басқа заңды тұлғаның балансында тұрған "Astana Bike" жүйесіне арналған велосипедтерді сатып алу бойынша конкурсты жөнсіз жариялағаны анықталды. Бұл Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармақшасына қайшы келеді және жарғы бекіткен мектеп қызметінің түрлеріне сәйкес келмейді", - делінген ведомство хабарламасында.
Прокуратураның қадағалау актісімен 178 миллион теңгенің заңсыз сатып алу келісімшарты жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!