Астанада кәмелетке толмаған қыз сауда үйіндегі бутиктен әйелдер киімін ұрлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел іздестіру шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысты деген күдікпен 17 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
"Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздың Қабанбай батыр даңғылындағы сауда ойын-сауық орталығына күндіз келіп, фирмалық киім дүкеніне кіргені белгілі болды. Сөрелерде тұрған тауарларға қарап, өзіне лайық заттарды таңдап, содан кейін сатушылардың басқа іспен алаңдағанын пайдаланып, ескі аяқкиімін жаңаға ауыстырып, онымен қоса жеңсіз кеудеше алып, сауда үйінен шығып кеткен", - делінген ведомство хабарламасында.
Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған астаналық заңды өкілдеріне берілген. Оның Астанада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!