Ішкі істер министрлігі 15 жастағы Қамбар Мәлібек Бахтиярұлын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жасөспірім 15 наурызда Астана қаласындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
"Белгілері: бойы шамамен 160-165 сантиметр, дене бітімі орташа, киімі қара күртеше, қара шалбар, қара аяқ киім", - деп жазылған хабарламада.
Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-817-16-32, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе 102 арнасына шұғыл хабарлауға шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!