Астанада 14-қабаттағы пәтер өртеніп, екі бала құтқарылды

Астанада 14-қабаттағы пәтер өртеніп, екі бала құтқарылды
Фото: ТЖМ

Астанада 18 қабатты тұрғын үй кешенінде шыққан өрт кезінде төрт адам, соның ішінде екі бала құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан 18 қабатты тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Жиһаздар мен үй заттары жанған. Өрт туралы шақырту таңғы сағат 10:36-да түскен. Өрттің аумағы - 25 шаршы метр.

"ТЖД қызметкерлері құтқару маскаларының көмегімен төрт адамды құтқарып қалды, олардың екеуі - балалар", - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Видеодан скриншот/ТЖМ/Telegram

Видеодан скриншот/ТЖМ/Telegram

Өрт толық сөндірілді. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт кезінде дереу 112 нөміріне қоңырау шалып, лифтті пайдаланбау және құтқарушылардың нұсқауларын орындау қажетін ескертті. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget