- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада 13 жастағы...
Астанада 13 жастағы бала операция кезінде көз жұмды
Елордада жасөспірім операция кезінде көз жұмған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталық коммунациялар қызметінде министрдің орынбасарына "Астанада 13 жастағы жасөспірім операция жасалып жатқанда қайтыс болыпты. Бұл ақпарат рас па? Оған қандай ота жасалды?" деген сұрақ қойылды.
Ержан Нұрлыбаев бұл ақпаратты растады.
"Өкінішке қарай, мұндай оқиға болды. Баланың ата-анасына қайғырып көңіл айтамын. Бүгінде қызметтік тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысына сәйкес ресми хабарлама жариялаймыз", - деді вице-министр.
Оның айтуынша, министрлік тексерісті бақылауда ұстап отыр.
"Біз тергеудің объективті өтетініне кепілдік береміз", - деді Ержан Нұрлыбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Есен