• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Астанада 11-қабаттағы пәтерден өрт шықты

Астанада 11-қабаттағы пәтерден өрт шықты
Фото: tengrinews.kz

Астанадағы Алматы ауданы Ж.Жирентаев көшесі бойындағы он төрт қабатты тұрғын үйдің 11-қабатындағы пәтерден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 11 адам өздігінен далаға шықты.

"Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 29-ға жуық адам және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 буыны жұмыс жасап жатыр", - делінген хабарламада.

ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

"Нақтыланған мәліметтер бойынша он бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде 25 шаршы алаңда үй заттары мен жиһаздар жанған. Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді ТЖД баспасөз қызметінде.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова
Logotype Massaget