Астанада 1 желтоқсаннан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 150 теңгеге көтеру ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, 2014 жылы қоғамдық көлікте жол жүру тарифі 90 теңге болып белгіленген. 12 жыл ішінде жол жүру ақысы небәрі бір рет қайта қаралған. Бүгінде ол 110 теңге болып отыр.
"2014 жылдан бері тасымалдаушылардың негізгі шығыны - жанармай, қосалқы бөлшектер мен жаңа автобустардың құны, сондай-ақ, жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығын айтарлықтай өсті. 2014 жылы дизель отынының бір литрі шамамен 107 теңге болса, қазір оның бағасы - 329 теңге. 2014 жылы жүргізушілердің орташа жалақысы шамамен 100-150 мың теңге болса, қазір автобус класы мен жұмыс режиміне қарай 700 мың теңгеден басталады", - деп жазылған хабарламада.
Кейінгі үш жылда тасымалдаушылар жаңа 1127 жылжымалы құрам сатып алған.
Астана қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес азаматтардың кейбір санатына қоғамдық көлікте тегін жол жүру мүмкіндігі беріледі:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!