Астана Түрікменстан президентінің сапарына дайындалып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана осы сапарға дайындалып жатыр.

Айта кетейік, сапар аясында тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!