Астана тұрғыны ұрланған мопедін өзі тауып, полицияға хабар берген

Астана тұрғыны ұрланған мопедін өзі тауып, полицияға хабар берген
Фото: depositphotos.com

Астана тұрғыны полицияға жүгініп, мейрамхананың жанындағы автотұрақта қалған мопедінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Тергеу барысында Алматы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері көлік құралының аталған мекемеде даяшы болып жұмыс істейтін өтініш берушінің ұлына тиесілі екенін анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жас жігіт басқа қалаға кетер алдында мопедті автотұрақта қалдырған, ал оралғанда оның жоғалып кеткенін анықтаған, бірақ ол полицияға "жоғалып кетті" деп хабарламаған.

Кейінірек мопед иелері сөйлесетін қалалық чаттардың бірінде жәбірленуші өзінің мопедіне сәйкес келетін бөлшектерді сату туралы хабарландыруды байқайды. Ол сатушымен кездесу ұйымдастырып, сол жерде өзінің мүлкі екеніне көз жеткізген соң полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлері заттай дәлелдемені тәркілеп, заңды иесіне қайтарып берді. 

Астана полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертті. Мүлік жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан