Астана тұрғыны тұраққа төлемеу үшін көлігінің нөмірін жауып тастаған

Астанада көлік жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасырғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс барысында 21 жастағы жүргізуші ақылы тұраққа көлігін қойып, төлемнен жалтару мақсатында нөмірдің бір бөлігін жауып қойғаны белгілі болды. Ол тұрақ аумағынан шыққан соң да жапсырған бөлікті алмаған. Бұл әрекетті полиция дер кезінде байқап, жүргізушіні тоқтатқан.

"ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ер адам бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды. Көлік коммуналдық айыптұраққа жеткізілді", - деді ІІМ өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!