Астана тұрғыны түн ішінде саябақта отшашу атқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға елордадағы "Триатлон" саябағында болған. 19 жастағы жігіт досын туған күнімен ерекше құттықтағысы келіп, саябақ аумағында пиротехника атқан.
Алайда оның бұл әрекеті әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқты.
"Ол сот шешімімен бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деді ПД өкілі.
Полиция белгіленген талаптарды бұзып, қоғамдық орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, айналадағы адамдардың тыныштығын бұзуы мүмкін екенін ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова