Астана тұрғыны төрт ай бойы бұрын бірге тұрған әйелді аңдыған: сот үкім шығарды

Астана тұрғыны төрт ай бойы бұрын бірге тұрған әйелді аңдыған: сот үкім шығарды
Фото: ЖИ

Елорда тұрғыны қорғау талаптарына қарамастан, төрт ай бойы бұрын бірге тұрған әйелді заңсыз қудалаған. Сот осы іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айыпталушы оған қоңырау шалып, хабарламалар жіберген, тұрғылықты жеріне барған, үйінің маңында күтіп тұрған және балағат сөздер айтқан.  

Салдарынан жәбірленуші өзінің және кәмелетке толмаған қызының қауіпсіздігіне үнемі алаңдап, қорқып жүрген.

Мемлекеттік айыптаушы айыпталушының кінәсін дәлелдеді. Сот оған 100 сағат қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындады.  

Үкім заңды күшіне енді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget