- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана тұрғыны такси...
Астана тұрғыны такси жүргізушісіне басындағы қиындығын айтамын деп 2 миллион теңгесінен айырылған
Астанада такси жүргізушісі ипотекалық қарызды ресімдеуге көмектесемін деп қала тұрғынынан екі миллион теңге алдап алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алаяқтық жасады деген күдікпен 48 жастағы такси жүргізушісі ұсталды.
Жәбірленушінің айтуынша, сапар барысында жүргізушіге ипотека рәсімдеуде қиындық туындағанын айтқан. Ер адам жолаушының сеніміне кіріп, банктерде таныстары барын айтып, тұрғын үй алуға көмектесуді ұсыныпты. Бейтаныс адамға сенген әйел оған бар ақшасын берген.
Күдікті алаяқтық жасағанын мойындады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тергеу басталды. Сондай-ақ, оның елорда аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова