Астана тұрғыны суды тазарту аппаратынан ақша ұрлап кеткен

Астаналық тұрғын суды тазарту аппаратынан ақша ұрлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада полицияға жеке кәсіпкердің ұрлық фактісі туралы арызы келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, оң жақ жағалаудағы көшеде орналасқан оған тиесілі су тазартқыш аппаратынан ақша ұрланған. 100 мың теңге шамасында шығын келген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтады. Ол 39 жастағы азамат болып шықты.

Ол суды тазарту құрылғысын ашып, ақшаны жасырын ұрлап кеткен. Қылмыс бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді.

Күдікті ақша қаражатын өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!