Астана тұрғыны сауда үйінен алтын жүзікті ұрлап кеткен

Астана тұрғыны сауда үйінен алтын жүзікті ұрлап кеткен
Фото: Коллаж: polisia.kz, depositphotos.com

Астанада сақшылар сауда үйінен қолды болған алтын жүзік ұрлығын әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер қаланың ірі сауда үйлерінің бірінде алтын жүзік ұрлаған 30 жастағы азаматты ұстаған.

Күдіктінің зергерлік бұйым сататын магазинге сатып алушының атын жамылып келіп, жүзіктерді саусағына киіп көргені анықталды. Кейін ол бір алтын жүзікті сатушыға білдіртпей қалтасына салып алды. Осылайша, дүкенге материалдық шығын әкелді.

Қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылды. Полиция қызметкерлері қылмыскерді өз үйінен ұстап, ұрланған затты оның үйінен тапты.

Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.

Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан