Астанада әйел өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Полиция 30 жастағы әйел ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана Полиция департаменті мәліметінше, пәтерлердің бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар егде әйелдің мәйіті табылған. Қылмыстық іс қозғалды.
"Қылмыс жасады деген күдікпен оның 30 жастағы қызы ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша олардың арасында жанжал туындаған. Сол сәтте қызы анасын пышақпен жаралаған", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!