Астана тұрғыны мүгедектігі бар балалардың есебінен баюды көздеген

Астана тұрғыны мүгедектігі бар балалардың есебінен баюды көздеген
Фото: ЖИ

Астанада елдің әртүрлі аймағынан 5 тұрғынды алдаған алаяқ сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Ер адам "Балаларға арналған арбалар" деп аталатын What's App чатта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, пайдаланылған арбаларды сату туралы ақпарат таратқан.

Күдікті арбаларды пошта арқылы жіберуге уәде берген. Жәбірленушілер оның картасына 40 мыңнан 114 мың теңгеге дейін ақша аударған.

Сот үкімі

Сот үкімімен ер адамға пробациялық бақылау белгіленіп, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget