Абай облысында Астана тұрғыны марихуана сақтағаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ақсуат ауданының полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Астана тұрғыны жалдамалы үйінде есірткі сақтағанын анықтады. Тәртіп сақшылары дереу көрсетілген мекен-жайға барып, тінту жұмыстарын жүргізген.
Нәтижесінде, үйден есірткіге ұқсас заттар салынған пакеттер табылды. Пакеттер заттай айғақ ретінде тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.
"Сарапшының қорытындысына сәйкес тәркіленген зат 23,88 грамм көлемінде кептірілген марихуана болып шықты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!