Астана тұрғыны лифтіде әйелін соққыға жыққан

Астана тұрғыны лифтіде әйелін соққыға жыққан
Фото: polisia.kz

Астана тұрғыны лифтіде әйелін соққыға жыққан. Әйел полицияға күйеуі ұрып-соғып жатқанын өзі хабарлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

42 жастағы ер адам лифтіге кірген соң, балағат сөздер айтып, әйелін қорқытып, ұрғаны анықталды.

"Бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қол көтеруі емес. Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге қамауға алынды", - деп хабарлады Астананың полиция департаменті.

Полиция сонымен бірге зорлық-зомбылық құрбаны болғандарға дереу "102" арнасына немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефонына 8-(7172)-71-60-63  хабарласуды ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан