Астана тұрғыны қызғаныштың кесірінен қамауға алынды
Фото:
depositphotos.com
Астананың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша Ш.-ға қатысты істі қарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зардап шегуші басқа қызбен хат жазысқаны салдарынан қызғаныш пайда болып, жігітімен жанжалдасып қалғанын, Ш.-ның телефонын сөмкесіне салғанын, содан кейін ол телефонын алу үшін сөмкесін тартып алғанын айтты.
Сот қызғаншақ жігітті кінәлі деп тауып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан