Әлеуметтік желі арқылы көлік алмақ болған елордалық сан соғып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
36 жастағы қала тұрғыны жинаған қаржысына арзан бағамен көлік алуды ойлап, Instagram желісіндегі көлік сататын парақшаларды қараған. Оның назары құны 3,5 млн теңге тұратын Toyota Camry көлігіне түседі.
Жәбірленуші сатушыға хабарласып, онлайн жолмен соманы толық аударады. Алайда күдікті жалған түбіртек жіберіп, көлікті бір айдан кейін алатынын айтып, артынша ұялы телефонын өшіріп тастаған.
Алты ай өткеннен кейін ғана жәбірленуші алданғанын түсініп, полицияға жүгінуге мәжбүр болды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарға алаяқтар сан түрлі тәсіл қолданатынын ескертеді. Полиция онлайн сауда мен қызметтерді сатып алу барысында сақ болуды, күмәнді ұсыныстарға сенбеуді және төлем жасамас бұрын ақпаратты мұқият тексеруді ұсынады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!