Астанада қала тұрғыны басқа біреудің көлігін қателесіп, айдап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 29 жастағы ер адам өз көлігін көппәтерлі үйдің ауласында қалдырған кезде болды, ал 25 жастағы астаналық осыған ұқсас өз көлігімен шатастырып алған.
@islamkul_farhat Закрывайте свои машины ❌
♬ оригинальный звук - Islamkul_farkhat
Полиция департаментінің хабарлауынша, патрульшілер ұрлық туралы хабардан соң Республика даңғылының бір бөлігін қоршап алды. "Ұрлық жасады" деген күдікті көп ұзамай ұсталды, бірақ ол өз көлігін айдап бара жатқанына сенімді болған. Құжаттарды тексеру кезінде көліктер бірдей болып шықты, тек бір әріпте ғана айырмашылық бар.
"Біз ұрлықтың әдейі жасалмағанын және қарапайым қателіктен болғанын анықтадық", - деп хабарлады полиция.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!