Астана тұрғыны жұмысшының телефонын алдап алып кеткен

Астана тұрғыны жұмысшының телефонын алдап алып кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында камералардың көмегімен 27 жастағы жігітті анықтады. Ол компьютерлік клубқа барып, жедел қоңырау шалу сылтауымен оператордан телефон беруін сұраған. Содан кейін клуб қызметкерінің назары көмек сұрап келген клиентке ауып кеткен. Күдікті жағдайды пайдаланып, дереу үй-жайдан шығып, телефонды өзімен бірге алып кеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленді. 

Жігіттің елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!