- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана тұрғыны жолда...
Астана тұрғыны жолда бірнеше рет тәртіп бұзғаны үшін жазаланды
Астанада бір сапарында көптеген жол ережесін бұзған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жас жігіттің көлік жүргізіп, түрлі заңбұзушылыққа жасағаны түсірілген видео тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.
"Маневр жасау, қарсы жолақпен жүру, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, ұялы телефонмен сөйлесу және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан