Астанада жол ережесін өрескел бұзу дерегі анықталды. Желіде тараған видео кейіпкері Атырау көпірінен көлікпен өткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Toyota көлігінің жүргізушісі анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылған.
"Жүргізушіге жаяу жүргіншілер жолағында көлік жүргізгені, мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көлік құралын басқарғаны, жол белгісін елемегені және техникалық ақауы бар көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды", - деп хабарлады полиция.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!