Астанада жалған төлем чегін көрсетіп, базардағы сатушыларды алдап жүрген 34 жастағы тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында күдікті сауда орындарын әдейі аралап, өзін қарапайым сатып алушы ретінде таныстырғаны анықталған.
Ол көкөніс пен жеміс-жидек таңдаған соң ақшаны мобильді қосымша арқылы аударғандай кейіп танытып, қолдан жасалған төлем чегін көрсеткен. Ақша шотқа түсті деп сенген сатушылар тауарды күдіктіге өз қолымен берген.
"Бұл оның алғашқы алаяқтығы емес. Күдікті бұған дейін де дәл осындай айламен бірнеше саудагерді алдағаны анықталды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Астана ПД өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова