Астана тұрғыны балалар арбасын теуіп тастаған сәт видеоға түсіп қалды

Астана тұрғыны балалар арбасын теуіп тастаған сәт видеоға түсіп қалды
Фото: Видео кадры

Астанада 38 жастағы тұрғын мас күйде көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде бөтен біреудің балалар арбасын қасақана бүлдіріп, бейәдеп сөздер айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, күдікті үй ауласында бірден ұсталып, полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау бөлмесіне қамалған.

"Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Ол келтірілген материалдық шығынды заңда белгіленген тәртіппен өтеуге міндетті", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget