- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтық
Астана тұрғыны баспаналы боламын деп алаяққа алданып қалды
Алаяқ мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй алуға жәрдем берем деп уәде беріп, кейін ақшаны алып ізін суытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп, көптен күткен қоныс тойын тойлай алмады. Ол 2 миллион теңгеден астам ақшасынан қағылған. Кейін алданғанын түсініп, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, материалдық шығын келтірген 35 жастағы әйел адам екені мәлім болды. Күдікті қылмысын мойындады.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында күдіктінің тағы да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан