• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Астана тұрғыны баспаналы боламын деп алаяққа алданып қалды

Астана тұрғыны баспаналы боламын деп алаяққа алданып қалды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Елордада баспаналы боламын деген адам алаяққа алданып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алаяқ сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алуға жәрдем беремін деп ақшаны алып, ізін суытқан. Жәбірленуші бұған сенген, алайда көптен күткен баспанасын ала алмаған. Ол күдіктіге 1 млн 500 мың теңгеден аса ақша берген. Алданғанын түсінген елорда тұрғыны полицияға жүгінді.   

Жедел іздестіру іс-шараларының көмегімен Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады.

Қаражатты алаяқтықпен иемденіп, материалдық шығын келтірген 35 жастағы әйел екені мәлім болды. Күдікті қылмысын мойындады.

Алайда жәбірленушіге ақшасы қайтарылмады, өйткені әйел қаражатты әртүрлі шоттарға жіберген. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

"Тергеу барысында күдіктінің тағы да ұқсас қылмыстарға қатысы бары анықталды. Қазір күдікті абақтыға қамалды", - деді полиция.

Еске салайық, бұған дейін Астанада алаяқтықтың 30 эпизодына қатысы бар күдікті анықталды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget