- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана тұрғыны автобус...
Астана тұрғыны автобус жүргізушісінің бетіне газ баллоншасын шашып жіберген
Фото:
видеодан алынған кадр
Астана тұрғыны автобус жүргізушісінің бетіне газ баллоншасын шашып жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға күндізгі уақытта Ш.Қалдаяқова көшесінде болған.
Kia көлігінің жүргізушісі аялдамаға таяп қалған автобусты кесіп тастады. Ол көліктен түскен кезде жүргізушіге жақындап, газ баллоншасын шашып, кейін қашып кеткен.
Полицейлер 37 жастағы ер адамды ұстады және оның көлігі қоғамдық көлік тұрағына қойылды.
Ол сот шешімімен бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан