- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана тұрғыны асыл...
Астана тұрғыны асыл тұқымды итті ұрлап кеткен
Елордада тұрғын асыл тұқымды итті ұрлаған сәт бейне жазбаға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның Спаниель тұқымды итін ұрлап кеткені туралы ақпарат берген. Астаналық сақшылар тұрғынның үй жануарымен серуендеп келе жатып, итін кіреберістегі темір торға байлап дүкенге кірген сәтін бейнебақылау камерасынан байқаған. Ит иесі дүкеннен шыққан сәтте итінің орнында жоқ екенін аңғарған.
Байқоңыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ұрлық қылмысы бойынша іс қозғалған 48 жастағы қала тұрғынын анықтаған.
Видеода оның итті белгісіз бағытқа қалай алып кеткені, кейінірек ақша табуды ұйғарып, оны белгісіз жас жұбайларға сатқаны да белгілі болған.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оның елордада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова